Екі сессияға дайындық: Бейжіңнен фоторепортаж

Автор: Аягөз Құрмаш

Сессия Астана уақытымен сағат 12:00-де басталады

Фото: Azattyq Ruhy

Бүгін Бейжіңде 14-шақырылымның Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының сессиясы өтеді. Бұл - Мемлекеттік халық құрылтайының алдында өтетін депутаттардың жиыны, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Сессияға қатысу үшін 3 мың журналист аккредиттелген. Оның 100-ден астамы СIPCC бағдарламасымен келген әр елдің тілшілері.

Сессияның басталуына бірнеше сағат қалды. Халық жиналысы үйі ғимаратының алдында ҚХР-дың күштік құрылымдары қызмет етіп жүр.

Елдің құқық қорғау органдары мен қауіпсіздік мекемелері кіреберістегі адамдарды тыңғылықты тексеруден өткізіп жатыр.

Әр елден келген журналистер арнайы аккредитациядан өтіп, бейждерге ие болды.

Ресейлік журналист Светлана Задера бұл оның кәсіби мансабындағы тарихи оқиға екенін айтады.

«Қытайдың екі сессиясы әлемге танымал саяси іс-шара. Бұл шараны көзбен көріп, қатысудың өзі үлкен мәртебе. Ішкі атмосферасын сезініп, Ресейге осы дақтан ақпарат тарату да әсерлі. Тіпті, қытайлық әріптестерімізге сұхбат та беріп үлгердім», - деп бөлісті ол.

Халық жиналысы үйі ғимаратының залы 7 мың орынға арналған.

Қытайдың Мемлекеттік халық құрылтайының ертең, яғни 5 наурызда басталады. Сессия 6 күнге созылады.