Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар жауады
«Қазгидромет» РМК-сы бүгінге, наурыздың 3-іне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, 3-ші наурыз күні еліміздің басым бөлігінде антициклонның әсерінен жаяу бұрқасын соғып, жел күшейеді. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар жауады.
Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында ғана антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, күндіз елдің оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.