Петропавлда көшеден 50 жастағы әйелдің денесі табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

Фото: depositphotos.com

Петропавлдағы Алтынсарин көшесінде бүгін 50 жастағы әйелдің денесі табылды. Бұл туралы СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департаменттің мәліметінше, 2 наурыз күні полицияға көшеде әйелдің денесі табылғандығы туралы хабарлама түскен. Өлген адамның кім екенін тәртіп сақшылары анықтады. Қазіргі уақытта өлімге не себеп болғанын анықтау үшін мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай айтылмады.