Өрт болған ғимараттан 75 адам құтқарылды
Бангладеш астанасы Даккадағы мейрамханада шыққан өрт 44 адамның өмірін жалмады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Dhaka Tribune басылымы елдің денсаулық сақтау министрі Саманта Лал Сенге сілтеме жасап хабарлады.
Kacchi Bhai мейрамханасы сауда орталығының екінші қабатында орналасқан. Өрт жергілікті уақыт бойынша сағат 21.50-де басталған.
Қрт сөндірушілерге өртті сөндіруге полиция мен шекара қызметінің қызметкерлері көмектескен, алайда өрт тек екі сағаттан соң өшірілген.
«Өрт болған сауда орталығында 43 адамның денесі табылды. Бір адам ауруханада қайтыс болды. Сондай-ақ 75 адам құтқарылды, олардың 40-тан астамы ауыр халде жатыр», - делінген хабарламада.