Ресейлік зымырандар Қазақстанда қандай сынақ өткізіп жатқаны мәлім болды

Автор: Аманалина Тоғжан

Қазақстанда 900 ресейлік әскер бар

Фото: gov.kz

Қорғаныс министрлігі ресейлік зымырандардың елімізде жүргізіліп жатқан сынақтарына қатысты Мәжіліс кулуарында түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев мұндай сынақтар Қарағанды және Жамбыл облыстарында орналасқан «Сары-Шаған» полигонында жүргізіліп жатқанын айтты.

«Зымырандардың ұшу қашықтығы 200 шақырымға жетеді. Бұл полигонда инфрақұрылым да, халық та жоқ», - деді ол.

Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев Қазақстан бойынша барлығы ресейлік 900 әскер (адам - авт.) бар екенін айтты.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ