Ауа райы болжамы: бүгін еліміздің кей өңірінде қар жауады

Автор: Мира Байбек

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады

Фото: Azattyq Ruhy

Синоптиктер 28 ақпанда арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Республиканың батысында, солтүстік-батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Еліміздің қалған бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты аздаған қар жауады.

ҚР оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын болады, жел күшейеді.

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -8...-10°C, күндіз -2...-4°C болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде -11...-13°C, күндіз -2...-4°C болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады, жел 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -4...-6°C, күндіз +5...+7°C болады.