Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Автор: Аманалина Тоғжан

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 275 шақырым жерде орналасқан

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Алматы маңында тағы да жер сілкінді. Жерасты дүмпулерін бақылайтын сейсмикалық стансалар желісі 28 ақпанда Астана уақыты бойынша 07:17-де тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 275 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан, афферлік жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,9, магнитудасы MPV 4,4», - делінген хабарламада.

Қазақстан аумағында сезілгені туралы мәлімет жоқ.