Екі облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Автор: Azattyq Rýhy

Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін енгізілді

Коллаж: Azattyq Ruhy

2024 жылғы 27 ақпандағы сағат 21.30-дағы жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар 2 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді6 деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.

Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін енгізілді.

Шығыс Қазақстан облысында жалпы ұзындығы 30 км 1 автожол.

(қар көшкіні қаупіне байланысты)

  • «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары», Берел а.-Рахман қайнары.

(автокөліктің барлық түрлері үшін)

Жамбыл облысында жалпы ұзындығы 79 км 1 автожол.

(боран, шектеулі көрініс)

  • «Алматы-Ташкент-Термез», Кенен а. - Қайнар а. (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады).

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарға 363 бірлік техника және 489 адам жұмылдырылды.