НАТО құрамы тағы бір елмен толықты

Автор: Аманалина Тоғжан

Венгрия Парламенті Швецияның НАТО-ға кіру туралы өтінішін қолдады

Фото: Denes Erdos/AP Photo

Солтүстік Атлантикалық Альянс құрамына Швеция 32-ші ел болып енді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy dw.com сайтына сілтеме жасап.

26 ақпанда өткен ұйымның отырысында Венгрия Парламенті Швецияның НАТО-ға кіру туралы өтінішін қолдады. Барлығы 188 депутат дауыс беріп, оның алтауы қарсы болды. Осылайша басым дауыспен Швеция Альянс қатарына қосылды.

НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг Венгрия Парламентінің Швецияның өтінішін ратификациялауын құптады.

«Барлық одақтастар бұл шешімді мақұлдады, енді Швеция НАТО-ның 32-ші одақтасы болады. Швецияның ұйымға қосылуы бәрімізді бұрынғыдан күштірек және қауіпсіз етеді», - деді ол Х-тегі жазбасында.

Будапешт Швецияның өтінішін соңғы болып ратификациялады.

Аударған: Айжан ТЕМІРХАН