Оларға 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды
Ташкентте қалалық сот ЖРВИ-ға қарсы үндістандық «Док-1 Макс» сиропын ішу салдарынан көз жұмған 68 баланың өліміне қатысты іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Өзбекстан Жоғарғы сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, 23 айыпталушыға қатысты 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды.
«Сот 23 айыпталушының барлығын кінәлі деп тауып, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», - делінген дүйсенбіде жарияланған сот хабарламасында.
Белгілі болғандай, Өзбекстанға сироп импорттаушы үнділік Quramax Medical компаниясының директоры Рагвендра Пратар 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ республиканың фармацевтика саласын дамыту агенттігінің бұрынғы басшысы Сардор Кариев 18 жылға сотталды. Оның екі орынбасары 16 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сотталушылар «қылмысқа қатысу», «қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу», «билікті немесе қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану», «қызметіне салғырт қарау», «пара беру және пара алу» сияқты 12 бап бойынша кінәлі деп танылды.
Өзбекстанда балалар қайтыс болғаннан кейін үнділік Marion Biotech компаниясы сироп шығаруды тоқтатты.