Алматыда халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта ол Қарасай ауданы ПБ УҰИ-на қамауға алынды

Фото: instagram.com/baurzhan__alenov

22 ақпанда жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген 40 жастағы қылмыскерді ұстады. Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жамбыл облысының полицейлері ұсталған адамға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша іс жүргізу бастаған. Ұсталған ер адамның бірнеше ай бойы Алматы қаласының аумағында құқық қорғау органдарынан жасырынғаны анықталды», - делінген жазбада.

Қазіргі уақытта ол Қарасай ауданы ПБ УҰИ-на қамауға алынды.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.