«Үшарал-Достық» автожолындағы қозғалыс көліктің барлық түрі үшін қайта жанданды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұған дейін қолайсыз ауа райына байланысты аталған аумақта жол жабылған еді

Фото: ҚазАвтоЖол

Астана уақыты бойынша сағат 13.30-да Жетісу облысындағы жалпы ұзындығы 100 км болатын «Үшарал-Достық» автожолының 84-184 шақырымы Көктұма станциясынан Достық станциясына дейінгі аралықта көліктің барлық түрі үшін қозғалыс қайта жанданды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.

Аталған өңірде бірнеше күн бойы тұрақсыз ауа райы, бұрқасын болып, көрініс шектелген соң қауіпсіздік мақсатында аталмыш жолда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілген болатын.

Жолшылар жолды қардан тазалап, көктайғаққа қарсы материал себу жұмыстарын қарқынды жүргізуде.