Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады
2024 жылғы 24 ақпан сағат 09.30-дағы жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 1 облыста республикалық маңызы бар 1 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
Боран мен жолдың анық көрінбеуіне байланысты Жетісу облысында жалпы ұзындығы 100 шақырым болатын «Үшарал-Достық» автожолының Көктұма станциясынан Достық станциясына дейінгі бөлігі жабылды
Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады.
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарда 218 бірлік техника және 231 адам жұмылдырылды.