Закиева балабақшада таяқ жеген баланың қазіргі жағдайы туралы айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Бүлдіршін ауруханада әжесімен бірге жатыр

Бейнеден кадр

Балалар құқығы жөніндегі уәкіл Динара Закиева Алматыдағы балабақшада бір топ баладан таяқ жеген  баланың қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Омбудсменнің мәліметінше, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ баланың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

«Алматыдағы балалар құқығы жөніндегі уәкіл Диана Ерлан ауруханаға барып, зардап шеккен баланың жағдайын біліп қайтты. Бүлдіршін ауруханада әжесімен бірге жатыр. Денсаулық жағдайы - орташа ауыр дәрежеде екен. Қазір оқиғаның мән-жайы, сондай-ақ балалардың қатыгездік көрсетуіне не түрткі болғаны анықталып жатыр», - деді Динара Закиева.