Ауа райына байланысты 4 облыстағы 12 жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдарда 401 бірлік техника мен 727 адам жұмылдырылған

Коллаж: Azattyq Ruhy

Ауа райына байланысты 4 облыстағы 12 жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Абай ауданы – жалпы ұзындығы 153 шақырымды құрайтын 3 жолда көлік қозғалысы шектелді. 

Шығыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты 3 жол учаскесінде  дизельді және қоғамдық көліктер қозғалысы шектелді:

1. «Алматы-Өскемен» тасжолы - Шығыс Қазақстан облысы шек. - Қалбатау ауылы. 

2. «Өскемен-Семей» тасжолы – Шығыс Қазақстан облысы шек. - Семей қ.

3. «Омбы-Майқапшағай» тасжолы - Шығыс Қазақстан облысы шек. - Бұғаз ауылы. 

Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасының -45°С дейін төмендеуі, қар көшкіні қаупіне байланысты барлығы 1238 км болатын 7 жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді.

1. Облыс бойынша барлық бағыттар бойынша;

(қоғамдық көліктер мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған көліктер үшін)

2. «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахманов қайнары» тасжолы - Берел ауылынан Рахман қайнары санаториясына дейін. 
(көліктердің барлық түрлері үшін)

Қостанай облысында – жалпы ұзындығы 83 шақырымды құрайтын 1 автожол (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты):

1. «Жезқазған-Петропавл» тасжолы - Ұлытау обл.шек. - Арқалық қ. (көліктің барлық түрлері үшін) 

Ұлытау облысында – жалпы ұзындығы 115 шақырымды құрайтын 1 автожолда
(екпінді жел, ауа температурасының төмендеуі):

1. «Жезқазған-Петропавл» - Ұлытау ауылынан - Қостанай обл.шек. 
(барлық көлік түрлері үшін).

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдарда 401 бірлік техника мен 727 адам жұмылдырылған.