Алматыда тағы да жер селкінісі сезілді

Автор: Мира Байбек

ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді

Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Алматыда тағы да жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 22 ақпанда сағат 00:26-да жер сілкінісін тіркеді.

«Эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 км жерде орналасқан Қытай аумағында - афтершок. Сезгіштігі туралы мәліметтер: Алматы қаласында – 2 балл. Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат болған жоқ», - делоінген хабарламада.

Жағдай тұрақты.

ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді.