Тоқаев «Қазан Экспо» көрме орталығына барды

Автор: Azattyq Rýhy

Онда «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу салтанаты өтеді

Фото: t.me/aqorda_resmi

Қазақстан Президенті «Болашақтың ойындары» мультиспортты халықаралық турнирінің ашылу салтанатына қатысу үшін «Қазан Экспо» көрме орталығына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұған дейін Мемлекет басшысының «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу салтанатына қатысу үшін Қазан қаласына барғанын хабарлаған болатынбыз.

Аталған іс-шараға Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері, сондай-ақ басқа да бірқатар мемлекеттің өкілдері қатысады.