Қақаған аязда Алматы тұрғындары жылусыз қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Оған жүк көлігімен болған апат себеп болған

видеодан кадр

20 ақпан күні түнде Алматы облысы Қарасай ауданы Абай ауылында жүк көлігі газ құбырына барып соғылған. Оқиға салдарынан Алматы қаласындағы Наурызбай ауданы тұрғындары газсыз қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Апатты қалпына келтіру жұмыстарына қаланың барлық коммуналдық қызметтері мен құтқару қызметі жұмылдырылды», - деп жазды аудан әкімі Нәзира Тоғызбаева әлеуметтік желідегі парақшасында.

Әкім апатты қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, үйлерге газ жіберілгенін хабарлады.