Еліміздің 8 облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Автор: Azattyq Rýhy

Шектеу ауа райының қолайсыздығына байланысты енгізіліп отыр

Коллаж: Azattyq Ruhy

Еліміздің 8 облысында республикалық маңызы бар 36 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ хабарламасына сәйкес, 21 ақпан сағат 07:00-дегі жағдай бойынша шектеу ауа райының қолайсыздығына байланысты енгізіліп отыр.

Абай облысы:

Жалпы ұзындығы 2176 км 7 автожол (ауа-райының төмендеуі).

  • Облыс бойынша барлық бағытта (қоғамдық және жүк көліктері үшін).

Ақмола облысы:

Жалпы ұзындығы 118 км 3 автожол -(Павлодар және Қарағанды ​​облыстарында ауа райының нашарлауына байланысты).

  • «Астана-Ерейментау-Шідерті» - Ерейментау қаласы-Павлодар облысы;
  • «Екатеринбург-Алматы» - ПВП Жібек жолы-Қарағанды ​​облысы қаласы.3. «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» - Қарағанды ​​облысы Қабанбай батыр ауылы (қоғамдық көлік және дизельдік көліктер үшін)

Шығыс Қазақстан облысында:

7 учаске жалпы ұзындығы 1238 км. (ауа-райының төмендеуі).

  • Облыс бойынша барлық бағытта (қоғамдық және жүк көліктері үшін);
  • Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары - Берел-Рахмановские қайнарлары ауылы.(барлық көлік түрлері үшін).

Жетісу облысында:

2 учаске, жалпы ұзындығы 158 км - (Абай облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты).

  • «Алматы-Өскемен» - Үшарал қ.-Абай обл. шек. (қоғамдық және жүк көліктері үшін);
  • «Үшарал-Достық" - Көктұма ст.-Достық ст. (барлық көлік үшін).

Қарағанды облысында:

6 учаске, жалпы ұзындығы 1397 км.(ауа температурасының төмендеуі, аяз күшеюде).

  • «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» - Қарағанды ​​қ-Абай обл. шек.;
  • «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» - Ақмола обл. шек. - Теміртау қ.
  • «Қызылорда-Павлодар» - Қарағанды ​​қ -Павлодар обл. шек.
  • Ұлытау обл. шек. – Топар ауылы;
  • «Екатеринбург-Алматы» - Ақмола обл. шек. - Теміртау ААП, Солтүстік-Шығыс айналма жолы, ААП Теміртау-Қарағанды қ, Новостройка ауылы Балқаш қ.;
  • «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» - Павлодар обл. Шек. Ботақара а. (қоғамдық көлік және дизельдік көліктер үшін).

Қостанай облысында:

1 учаске, жалпы ұзындығы 83 км. (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты).

  • «Жезқазған-Петропавл» - Ұлытау обл. шек.-Арқалық қ. (көліктің барлық түрлері үшін).

Павлодар облысында:

1 учаске, жалпы ұзындығы 1624 км 9 автожолда.(ауа-райының төмендеуі).

  • Облыс бойынша барлық бағытта (қоғамдық және жүк көліктері үшін).

Ұлытау облысында:

2 учаске жалпы ұзындығы 543 шақ - (Қарағанды ​​облыстарында ауа райының нашарлауына байланысты екпінді жел, ауа температурасының төмендеуі, аяз күшеюде).

  • «Жезқазған-Петропавл» - Қостанай обл.- шек Ұлытау а. (барлық көлік түрлері үшін) , Жезді ауылы - Ұлытау ауылы (қоғамдық көлік және дизельдік көліктер үшін);
  • «Қызылорда-Павлодар» - Қарағанды ​​обл шек - Жезқазған қ. (қоғамдық көлік және дизельдік көліктер үшін).

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 222 бірлік техника және 276 жолшы жұмылдырылды.