Елордада қоғамдық көлікте жол жүру тарифін көтеру жоспарланып отыр
Елордада автобустардағы жол жүру ақысы қымбаттамақ. Астана әкімдігі ұсынған қаулының жобасы Ашық НҚА сайтында жария талқылауға шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құжатқа сәйкес, қоғамдық көлікте жол жүру ақысын 90 теңгеден 110 теңгеге дейін арттыру ұсынылады.
Айта кетейік, қалалық маршруттарда жол жүруге 90 теңге тариф 2014 жылдың қыркүйегінде белгіленген болатын.
Астанада және қала маңында оқитын 18 жасқа дейінгі балалар үшін қоғамдық көлікте жол жүру 2020 жылғы наурыздан бастап тегін. Міндетті шарт – мектептің көлік картасының болуы және оны автобуста валидация жасау.
Сондай-ақ келесі санаттарға жататын азаматтар бұл жеңілдікке ие: