ШҚО тұрғындары ауа температурасының 60 градустан төмендегенін айтты

Автор: Аманалина Тоғжан

Ауыл тұрғындары өздері түсірген фотосуреттерді жіберген

Фото: yk-news.kz

Шығыс Қазақстан облысындағы бірнеше ауылдың тұрғындары 20 ақпанға қараған түні термометр көрсеткіші 60 градустан төмен түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

YK-news жазуынша, оқырмандар өздері түсірген фотосуреттерді жіберген.

Фотосуреттердің бірінде Алтай ауданы Парыгино ауылында термометр көрсеткіші 60 градустан төмендеп кеткен. Сондай-ақ дәл сондай температура Глубокое ауданының Прогресс ауылында тіркелген. Ең төменгі температура 63 градустық аязды көрсеткен. Ол фотосуретті Глубокое ауданы Малубинка ауылының тұрғыны жіберген.

«Қазгидромет» бұл ақпаратты растаған жоқ. Оның мәліметінше, 20 ақпанға қараған түні Зырян метеостанциясында ауаның ең төменгі температурасы -47,3 градусты көрсетті. Бұл Қазақстандағы өткен тәуліктегі ең төменгі температура болған.

Бұған дейін еліміздің кей өңірінде 45 градусқа дейін аяз болуы мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз.

Тегтер: