Бүгін Астанада бірінші ауысымның оқушылары қашықтан оқиды

Автор: Azattyq Rýhy

Мұндай шешім ауа райының қолайсыздығына байланысты қабылданды

Фото: еlements.envato.com

Астанада бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары 20 ақпанда қашықтан оқыту форматына көшеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қалалық білім басқармасының хабарлауынша, өңірде ауа райы нашарлайды деп болжанды.

Бұған дейін Қазақстанның жеті облысында 20 ақпанда дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған еді.

Осы ретте 19 ақпанда Астанада бірінші ауысымдағы мектеп пен колледж оқушыларының да қашықтан білім алғанын айта кетейік.