Бүгін еліміздің басым бөлігінде аязды ауа райы сақталады

Автор: Azattyq Rýhy

Кей өңірде 45 градусқа дейін суық болады

Фото: pixabay.com

Синоптиктер 20 ақпанда арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, аязды болады, тек елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды ағындардың өтуімен қарлы бұрқасын сақталады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында жел күшейіп, елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман болады.

Жетісу облысында 30-35 градус, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 45 градус қатты аяз сақталады.

Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста бұрқасын, қатты жел соғады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады, жел 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -29...-31°C, күндіз -17...-19°C болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, қар жауады, жел 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -17...-19°C, күндіз -7...-9°C болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, қар жауады, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -6...-8°C, күндіз 0...+2°C болады.