61 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Еліміздің 12 облысында республикалық маңызы бар 61 автожолда қолданылатын көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметінің хабарлауынша, 19 ақпандағы сағат 05.00-дегі жағдай бойынша шектеу ауа райының нашарлауына байланысты енгізіліп отыр.
Абай облысы:
Жалпы ұзындығы 1314 км 5 автожол (қар,боран, жел, көрінуді шектеу); Омбы-Майқапшағай - ш.Павлодар облысы - Қалбатау ауылы (дизельді қозғалтқыштармен жарақтандырылған қоғамдық автокөліктер мен автомобильдер үшін) Қалбатау ауылы-Бұғаз ауылы (барлық түрлері үшін), Бұғазауылы-Шығыс Қазақстан облысы шек. (дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған қоғамдық автокөліктер мен автомобильдер үшін);
Ақмола облысы:
Жалпы ұзындығы 2140 км болатын 19 автожол (ауатемпературасының төмендеуі); облыс бойынша, барлық бағыт бойынша (қоғамдық автокөлік және дизельдіқозғалтқыштармен жабдықталған автомобильдер үшін); Алматы облысы – жалпы ұзындығы 327 км 3 автожол (қар, ауа температурасының төмендеуі);
Шығыс Қазақстан облысы:
Жалпы ұзындығы 1268 км 7 автожол (қар,боран, көрінуді шектеу);
Жамбыл облысы:
Жалпы ұзындығы 79 км 1 автожол (қар,боран, жел, көрінуді шектеу), облыс бойынша, барлық бағыттар бойынша (дизельді қозғалтқыштармен жабдықталғанқоғамдық көліктер мен автомобильдер үшін); Алматы - Ташкент-Термез, Кененауылы-Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордайасуы арқылы жүзеге асырылады) (барлы түрі үшін); облыс Жетісу-2 жалпы ұзындығы 158 км автожолда (Абайоблысының ауа райының нашарлауына байланысты қар, боран, жел, көрінуді шектеу);
Қарағанды облысы:
Жалпы ұзындығы 1178км 5автожол (ауа температурасының төмендеуі);
Қостанай облысы:
Жалпы ұзындығы 135 км 3 автожол (Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты);
Павлодар облысы:
Жалпы ұзындығы 1624 км 8 автожол (ауа температурасының төмендеуі); облыс бойынша, барлық бағыттар бойынша (қоғамдық автокөлік және дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автомобильдер үшін); Солтүстік Қазақстан облысы - жалпы ұзындығы 398 км 4 автожол
(ауатемпературасының төмендеуі);
Түркістан облысы:
Жалпы ұзындығы 106 км 1 автожол (боран,көктайғақ).
Ұлытау облысы:
Жалпы ұзындығы 543 км 3 автожол (боранжел, көрінуді шектеу);