Бұл туралы əуежайдың баспасөз қызметі мәлім етті
Алматы халықаралық əуежайында ауа райының қолайсыздығынан 12 əуе рейсі кешіктірілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy əуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мегаполистегі метеоахуалдың қолайсыздығына байланысты 12 əуе рейсі кешігіп жатыр. Жолаушылардан түсіністікпен қарауды сұраймыз. Әуежайдың барлық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде», - деп хабарлады Алматы халықаралық əуежайынан.