Екібастұз электр станциясын жаңғыртуға бөлінген 1 млрд теңге жымқырылған

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі кезде бұл дерекке қатысы бар адамдар тобын анықтау шаралары жүргізіліп жатыр

Фото: gres2.kz

Павлодар облысының прокуратурасы «Екібастұз МАЭС-2» АҚ-ны тексеру барысында 3-ші энергоблокты орнатумен жылу электр станциясын кеңейтуге және реконструкциялауға арналған қаражатты ысырап ету фактілерін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Расталмаған жұмыстардың көлемі шамамен 1 млрд теңгені құрады», - делінген прокуратура хабарламасында.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы (аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қылмыстың барлық мән-жайларын, залалдың түпкілікті сомасын және оған қатысы бар адамдар тобын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.