Алматыда 2 балдық жер сілкінісі сезілді

Автор: Azattyq Rýhy

Жерасты дүмпулері Қытай аумағында болған

Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Алматыда 2 балдық жер сілкінісі сезілді. Төтенше жағдайлар министрлігі «ННЦСН и И» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 15 ақпан күні сағат 09:52:39-да жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 км жерде Қытай аумағында - афтершок орналасқан. Сезілуі туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматы қаласында 2 балл сезілді», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, осыған дейін Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болған еді.