Шымкентте адам өлтірді деген күдікті «Қорғау» бағдарламасының көмегімен ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ер адам полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетуге тырысты, алайда ұсталып, УҰИ-на қамауға алынды

Аса ауыр қылмыс Алматы қаласының аумағында түнгі уақытта болды. Алматылық тәртіп сақшыларының нұсқауына сәйкес, күдікті қылмыс орнынан Hyundai Elantra-ны тізгіндеп ізін суытқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Автокөлікті «Қорғау» бағдарламасын пайдалана отырып, бейнебақылау камераларының мониторингі барысында Шымкент полиция департаментінің ЖБО қызметкерлері анықтады.

Көлік құралын ұстауға дереу патрульдік нарядтар бағытталды.

Ер адам полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетуге тырысты, алайда ұсталып, УҰИ-на қамауға алынды.