Ауа райы қолайсыздығына байланысты 12 облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 785 бірлік техника және 1481 жолшы жұмылдырылған

Коллаж: Azattyq Ruhy

14 ақпан сағат 17:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 12 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 32 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.

Республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілген учаскелер тізімі:

  • Абай облысында - 6 учаске (733 км)
  •  Ақтөбе облысында – 5 учаске (792 км)
  • Алматы облысында - 1 учаске (84 км)
  •  Шығыс Қазақстан облысында – 4 учаске (231 км)
  • Жамбыл облысында - 1 учаске (450 км)
  •  Жетісу облысында - 1 учаске (100 км)
  • Қарағанды облысында - 9 учаске (1022 км)
  • Қызылорда облысында - 3 учаске (815 км)
  • Павлодар облысында - 5 учаске (539 км)
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 1 учаске (67 км)
  • Түркістан облысында - 2 учаске (283 км)
  • Ұлытау облысында - 1 учаске (32 км)

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 785 бірлік техника және 1481 жолшы жұмылдырылған.