Ұлытау облысында әкімдіктің басқарма басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Автор: Azattyq Rýhy

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды

Коллаж: Azattyq Ruhy

Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлытау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

«Ол облыс аумағындағы ежелгі қорымдардағы археологиялық қазбалар жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша актілерге қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін мердігер ұйымнан 2 млн теңге көлемінде пара алу бойынша күдікті», - делінген хабарламада.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.