Елімізде киіктерді ату қайта тоқтатылды

Автор: Azattyq Rýhy

10 ақпанда киік ату тоқтаған

Фото: inbusiness.kz

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Мәжілістегі үкімет сағатының кулуарында киіктердің атуына қатысты пікір айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Отандық ғалымдармен, халықаралық сарапшылармен кеңесіп, пікірталастан кейін киіктерді ату тоқтатылды. Сонымен қатар, қыс мезгілі болғандықтан далада көшіп-қону қиынға соғады. Сондықтан 10 ақпаннан бастап ақбөкендердің санын реттеуді тоқтаттық», – деді Нысанбаев.

Алайда министр келесі жылы бөкендердің санын реттеуді қайта бастауға болатынын айтты.