«Батпаққа батып қалған»: Атырау облысында 15 адам құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Құтқарылған тұрғындар Тұщықұдық ауылына эвакуацияланды

видеодан кадр

11 ақпанда Атырау облысы Исатай ауданының қыстауларының бірінен Тұщықұдық ауылына қарай бет алған үш көлік батпаққа батып, шыға алмай қалған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Сағат 23:10-да қоңырау келіп түсті. Құтқарушылар жедел түрде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге бет алды. Құтқарушылардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде жоғалған адамдар Тұщықұдық ауылынан 20 км жерден табылды. 

Құтқарушылар 15 адамды, оның ішінде 8 баланы құтқарып, Тұщықұдық ауылына эвакуациялады. Құтқарылған адамдарға медициналық көмек қажет болған жоқ», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Авариялық-құтқару жұмыстарына Исатай ауданының №6 ӨСБ және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері қатысты.