Ақтөбе облысындағы ахуал: ТЖМ өңірдегі құтқару жұмыстары туралы мәлімдеді

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі таңда облыстың жылыту пункттерінде 938 адам бар

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Ауа-райының нашарлауына байланысты 7 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін автожолдардан 912 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 602 шетел азаматы және 31 бала. Өткен тәулікте 193 жолаушы эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

7-9 ақпан аралығында ауа-райының нашарлауына байланысты 161 адам оның ішінде 17 бала, 7 жүкті әйел, 6 шетел азаматы құтқарылды.

«Адамдарды эвакуациялау және автомобильдерді шығару бойынша авариялық-құтқару жұмыстарына 102 техника, 290 адам тартылды. Қазіргі таңда облыстың  жылыту пункттерінде 938 адам бар. Жолаушылар азық-түлікпен қамтамасыз етілген. ТЖД және 20982 әскери бөлімінің күшімен азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында жолда тұрып қалған техника орнына волонтерлерді тасымалдау ұйымдастырылды», - делінген хабарламада.