Президенттің Күзет қызметінің бастығы тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Мемлекет басшысының өкімі Ақорданың ресми сайтында жарияланды

фото: ашық дереккөзден

Роман Төреханов Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Төрехановты тағайындау туралы Президенттің өкімі Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Роман Алмаханұлы Төреханов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.