Мұндай шешім ауа райының қолайсыздығына байланысты қабылданды
Бүгін Астанада екінші ауысым оқушылары қашықтан оқу форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.
«2024 жылғы 9 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - деп жазылған хабарламада.