Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды
Дәурен Мұратбеков ҚР Жоғары сот кеңесінің хатшысы – аппарат басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР Президенті тиісті Жарлыққа қол қойды.
«Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Болатұлы Мұратбеков Қазақстан Республикасы Жоғары сот кеңесінің хатшысы – аппарат басшысы лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.