Президент оның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді
Мемлекет басшысы Ұлыбритания Короліне жеделхат жолдап, тілегін жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Королі ІІІ Чарльздің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіріп, жеделхат жолдады», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін БАҚ беттерінде Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Королі ІІІ Чарльздің сырқаты туралы жарияланған еді.