Чилиде орман өртінен қаза тапқандар саны 110-нан асты

Автор: Мира Байбек

Вальпараисо аймағындағы орман өрті әлі де өршіп тұр

Фото ашық дереккөзден

Чилиде орман өртінен қаза тапқандар саны 112 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы жексенбі күні елдің сот-медициналық сараптама қызметі хабарлады.

«Сағат 21.00-дегі есеп деректеріне сәйкес 112 адамның денесі жеткізілді», - делінген хабарламада.

Ел президенті Габриэль Борич қайғылы оқиға құрбандарының саны арта түсуі мүмкін екенін айтты.

Елде екі күндік қаралы күн жарияланды.

Өрт миллионға жуық адам тұратын Вальпараисо аймағындағы үлкен елдімекендерге қауіп төндіріп тұр. Сондай-ақ Кильпе коммунасында 1,3 мың үйді өрт жалмаған.

Айта кетсек, 2 ақпанда орман өрті бірнеше ондаған мың гектар аумақты шарпып, елде төтенше жағдай жарияланды. Сонымен қатар өрт сөндірушілердің еркін жүріп-тұруын қамтамасыз ету үшін аймақта сағат 08:00-ден 12:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді.

Биліктің мәліметінше, жалын 40 мың гектардан астам аумақты шарпыған.