Бүгін ел аумағында жел күшейіп, көктайғақ болады

Автор: Azattyq Rýhy

Кей өңірлерде қар жауып, тұман түседі

Фото ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК синоптиктері ел аумағында бүгін, 3 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

«Қар жауып, бұрқасын күтіледі, батысымызда жаңбыр, қар түріндегі жауын-шашын түседі. ҚР бойынша жел күшейіп, тұман сақталады, батыста көктайғақ болады», - делінген ақпаратта.