Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 773 бірлік техника және 1522 жолшы жұмылдырылды
Еліміздің кей өңіріндегі ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
Жамбыл облысында – 1 учаске
Жетісу облысында – 1 учаске
Қостанай облысында – 1 учаске
Түркістан облысында – 1 учаске
Ұлытау облысында – 1 учаске
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 773 бірлік техника және 1522 жолшы жұмылдырылды.