Шымкент әкімдігінің бұрынғы басқарма басшысы 3,5 жылға сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол ЖШС өкілінен 13 млн теңге алу кезінде ұсталған болатын

Фото ашық дереккөзден

Шымкент әкімдігінің бұрынғы басқарма басшысы 3,5 жылға сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин Facebook-тегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Шымкент қаласы бойынша жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Мұхтар Қоқанбаевты лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танып, оған 3,5 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады», - деп жазды Дәурен Ерғарин.

Айта кетейік, М. Қоқанбаевты  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мегаполистің әлеуметтік маңызы бар бағыттары бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялауға жәрдемдескені үшін ЖШС өкілінен 13 млн теңге алу кезінде ұстаған болатын.