Қазақстанның төрт облысында жолдар жабылды

Автор: Аманалина Тоғжан

Көлік қозғалысына шектеу ауа райының қолайсыздығына байланысты енгізілді 

Фото ашық дереккөзден

2024 жылғы 31 қаңтар сағат 00:10-дағы ахуал бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 4 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы облысында - 3 учаске

  • "Алматы-Ташкент-Термез" 59-143 км, Жаңақұрлыс а. -Жамбыл обл.шек - 84 км.
  • "Алматы-Шелек-Қорғас" 24-254 км,  Ақы алу пунктінен Жетісу обл.шек. дейін– 230 км.
  • "Алматы-Өскемен" 25-124 км, Ақы алу пуктінен Жетісу обл.шек. дейін - 99 км.

Шектеу жүк және қоғамдық көліктер үшін қолданылады

(қар, ауа температурасының төмендеуі).

Жамбыл облысында - 2 учаске

  • "Алматы-Ташкент-Термез" 143-238 км, Алматы обл.шек - Қайнар а. - 95 км.
  • "Алматы-Ташкент-Термез" 159-212 км, Кенен а.-Қордай а. - 53 км.

Шектеу жүк және қоғамдық көліктер үшін қолданылады

(Алматы облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты).

Қызылорда облысында - 1 учаске

  •  "Самара-Шымкент" 1802-2055 км, Қызылорда қ.- Түркістан обл.шек.– 253 км.

Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады

(Қар аралас жаңбыр, нөлден төмен температурада).

Түркістан облысында - 1 учаске

  • "Самара-Шымкент" 2055-2082 км, Қызылорда обл.шек.-Шорнақ а.– 27 км.

Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады

(Қызылорда облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты).