Имран Хан өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып, бұл әрекеттің «саяси астары бар» екенін айтты
Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Имран Хан мемлекеттік құпияны жария еткені үшін 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Euronews-ке сілтеме жасап.
Елдің бұрынғы Сыртқы істер министрі Шах Мехмуд Куреши де дәл осындай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Айыптауға сәйкес, Хан Пәкістанның Вашингтондағы елшісінің үкіметке жіберген құпия жеделхатының мазмұнын жариялаған.
Имран Хан өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып, бұл әрекеттің «саяси астары бар» екенін айтады.