Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады

Фото: aimak.com.kz

Астана және еліміздің 12 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

31 қаңтарда Астанада қарлы боран соғады.

Жамбыл облысында желдің екпіні 30 м/с-қа дейін жетеді.

Ұлытау, Ақтөбе, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, екпінді жел соғады.

Ақмола, Қызылорда, Атырау облыстарында көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Қостанай облысында тұман түсіп, жел соғады.

Жетісу облысында көктайғақ болып, тұман түседі.

Маңғыстау облысында бұрқасын, тұман, көктайғақ.

Түркістан облысында қатты жаңбыр жауады.