Сондай-ақ 65 087 адам жарақат алды
Төрт айдан астам уақыт ішінде Газа секторында қаза тапқан палестиналықтардың саны 26 422-ге жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Anadolu агенттігінің жазуынша, бұл туралы Палестина анклавының денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
«Сондай-ақ 65 087 адам жарақат алды», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар Иордан өзенінің батыс жағалауында өткен жылдың қазанынан бері кем дегенде 370 палестиналық қаза тауып, 4250-ден астамы жарақат алды.
Үздіксіз атқылау салдарынан жедел медициналық және азаматтық қорғаныс топтары жаралылар мен бомбалау кезінде қираған ғимарат астында қалғандарға жете алмай отыр.
Тақырыпқа орай: Қызыл теңіздегі текетірес: хуситтер деген кімдер?
Еске салайық, Таяу Шығыстағы жағдай 2023 жылғы 7 қазанда ХАМАС содырларының Газа секторынан Израиль аумағына енуінен кейін күрт ушығып кетті. Содырлар шекаралық елдімекендердің тұрғындарын өлтіріп, 200-ден астам изарильдікті кепілге алған болатын.
Израиль тарапы бұған жауап ретінде бүгінге дейін жалғасып келе жатқан «Темір қылыштар» операциясын бастап кетті.