Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ірі есірткі партия контрабандасы арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Рейдтік іс-шаралар барысында Қазақстан-Ресей шекарасынан өтпекші болған жүк автокөлігінде халық тұтынатын тауарларға жасырылған шамамен 100 кг есірткі заты табылып, алынды», - делінген ҰҚК хабарламасында.
Осы фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.