Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
Синоптиктер алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде қар жауатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, демалыс күндері температура фонында айтарлықтай өзгерістер болмайды.
«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, қар жауады, солтүстік және шығыс облыстарда бұрқасын болады, оңтүстік облыстарда жаяу бұрқасын, қар аралас жаңбыр түрінде жауын-шашын болады», - делінген хабарламада.
29 қаңтарда оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жауын-шашын, көктайғақ, тұман болады.