Ауа райына байланысты Қазақстанның екі облысында жол жабылды

Автор: Мира Байбек

Бұл туралы «ҚазАвтоЖолдың» баспасөз қызметі хабарлады

Коллаж: Azattyq Ruhy

Ауа райының қолайсыздығы салдарынан 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Жетісу облысында – 1 учаске:

  • «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст.-Достық ст.– 100 км.

Батыс Қазақстан облысында – 1 учаске:

  • «Чапаев-Жалпақтал-Қазталов» 0-213 км, Чапаев к.-Қазталов к. – 213 км.

Қазіргі сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 648 бірлік техника және 1381 жолшы жұмылдырылды.