Шығыс Қазақстанда төрт ауыл әлі қар құрсауында отыр

Автор: Аманалина Тоғжан

Бұл ең шеттегі шекараның шебіндегі ауылдар

Фото: egemen.kz

Шығыстағы Марақкөл ауданында Төсқайың, Шанағаты, Балықты-Бұлақ және Бұғымүйіз ауылдары әлі қар құрсауында отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл ең шеттегі шекараның шебіндегі ауылдар. Күршім ауданы әкімдігінің өкілдері жолдарды тазалау жұмысына барлық ауыр техниканы жұмылдырғанын хабарлады. Қалың қарды алу қиындық туғызып жатыр. Дегенмен, жол тазалығына жауапты коммуналдық мекеме жұмысшылары күндіз-түні тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр. Бүгінге дейін Марқакөл ауылдық округіне қарасты 6 ауыл мен 2 кеңшарға жол толық ашылды, деп жазады qazaqstan.tv.