Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады

Фото ашық дереккөзден

Бүгін ауа райының қолайсыздығы салдарынан 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде автокөлік құралдарының барлық түрі үшін көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда:

Жетісу облысында – 1 учаске:

  • «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст.-Достық ст.– 100 км.

Батыс Қазақстан облысында – 3 учаске:

  • Атырау – Орал тасжолының 375-492 км, Чапаев к. – Орал қ. – 117км;
  • Чапаев-Жалпақтал-Қазталов тасжолында 0-213 км, Чапаев к. – Қазталов к. – 213 км;
  • Атырау-Орал тасжолында 189-371 км, Атырау обл. шек. – Чапаев а.– 182 км.

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 640 бірлік техника және 1336 жолшы жұмылдырылды.